Accessibility links

Беларусьте жүрген Жаныш Бакиевтің серіктері анықталды


Халықаралық іздеуде жүрген Жаныш Бакиев (ортада) пен серіктері. Минск, 17 тамыз 2012 жыл.
Халықаралық іздеуде жүрген Жаныш Бакиев (ортада) пен серіктері. Минск, 17 тамыз 2012 жыл.
Қырғызстанның ішкі істер министрлігі елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің інісі Жаныш Бакиевтің осыдан бірнеше күн бұрын Минскіде түсірілді деген суретінде оның қасында тұрған адамдардың кім екенін жариялады.

Министрліктің ұйғаруынша, интернетте тараған суретте Бакиевтің жанында тұрған екі адамның бірі - бұрын Қырғызстанның мемлекеттік күзет қызметінде істеген Тахир Рысалиев, екіншісі - Құрманбек Бакиевтің баласы Максим Бакиевтің жолдасы Рустам Сайдуев. Бұл үшеуіне де 2009 жылы президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Медет Садырқұловты және онымен бірге көлікте болған екі серігін өлтіруге қатысы бар басты күдіктілер ретінде халықаралық іздеу жарияланған.

Қырғызстан үкіметі Беларусьтен бұл адамдардың мекен-жайын анықтап беруді бірнеше рет сұраған. Бірақ Беларусь құқық қорғау органдары іздеудегі қырғызстандықтар туралы мәлімет өздерінде жоғын айтқан.

Жаныш Бакиев Қырғызстанның мемлекеттік күзет қызметін ағасы Құрманбек Бакиев билікте отырған кезде басқарды. 2010 жылы көктемде елде үкіметке қарсы толқулар кезінде елді тастап кетті. Оған сол жылғы толқуларда полицияның шерушілерге оқ атуына бұйрық бергендердің бірі деген де айып тағылған.
XS
SM
MD
LG