Accessibility links

Алматы облысында ұлттық парктегі өрттен 295 адам көшірілді


Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіре берісі. Алматы, 15 Маусым 2011 жыл.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіре берісі. Алматы, 15 Маусым 2011 жыл.
Алматы облысындағы Іле-Алатау ұлттық паркіндегі Медеу шатқалында өрт болып жатыр деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы аймақтағы "Горное солнце" балалар лагерінен 295 адам басқа жаққа көшірілген. Оның 261-і - балалар. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Ұлттық паркте өрт болып жатқаны туралы хабар қалалық өрт сөндіру қызметіне 22 тамыз, сәрсенбі күні түнгі сағат он жарымда түскен. Өрттің қала тұрғындарына да қауіп тудыруы мүмкін екенін ескеріп, қала әкімінің тапсырмасымен төтенше штаб құрылды. Соңғы мәліметтер бойынша, өрт көлемі 18 гектар аумақты қамтыған.

Өртті сөндіруге 536 адам мен 43 арнайы көлік және үш тікұшақ жұмылды.
XS
SM
MD
LG