Accessibility links

Forbes: Ангела Меркель - әлемдегі ең ықпалды әйел


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.
Forbes журналы Германия канцлері Ангела Меркельді әлемдегі ең ықпалды әйел деп жариялады.

Германия басшысы Еуропадағы қаржы дағдарысын шешуге күш салып келе жатқаны үшін осымен екінші жыл қатарынан әлемдегі ең ықпалды әйелдердің тізімін бастап тұр.

Меркельден кейінгі орындарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Бразилия президенті Дилма Руссефф тұр. Ықпалды әйелдердің ондығына Билл Гейтстің әйелі Мелинда Гейтс пен АҚШ президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обама да кірген.

Forbes-тің тізіміне саясат және бизнеспен айналысатын, технология мен үкіметтік емес құрылымдарда қызмет істейтін әйелдер кірген. Сарапшылар рейтингті түзуде олардың ықпал ету деңгейін, ақпарат құралдарына шығу жиілігін және басқаратын қаржы көлемін ескерген.
XS
SM
MD
LG