Accessibility links

Марсқа қонған аппарат сынақтан өтті


Марсқа қонған Curiosity аппараты жіберген сурет.
Марсқа қонған Curiosity аппараты жіберген сурет.
АҚШ-тың НАСА ұлттық ғарыш агенттігі Марс ғаламшарына қонған Curiosity аппаратын 22 тамызда сынақтан өткізді.

НАСА-ның хабарлауынша, сынақ 16 минутқа созылған. Сынақ барысында аппарат ғаламшар бетінде 4,5 метр жер жүріп өтті. Жүріс кезінде аппарат негізінен ғаламшарды суретке түсіріп отырды.

Curiosity аппараты Марсқа 6 тамызда қонды. Екі жыл ғаламшарда болатын аппарат онда тіршіліктің бар-жоғын зерттемек.
XS
SM
MD
LG