Accessibility links

Челах қысым жасаған қызметкермен беттесті


Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Тамыздың 23-і күні Владислав Челахтың бір тергеушімен беттескені туралы ақпаратты Азаттыққа адвокаты Төлеген Берліқожанов хабарлады.

- Түске дейін жедел тергеу тобының бір мүшесімен беттестіру өтті. Владислав өзінің, ал ол тергеу тобының қызметкері өзінің позициясын айтты. Бұдан артық әзірге ештеңе айта алмаймын. Беттестіру барысында Владислав Челах, тергеуші, мен және беттестірген азаматтың өзі - 4 адам болдық, - деді адвокат.

Бұған дейін ақпарат құралдарында шекарашының өзіне тағылған айыпты тергеушілердің қорқытып, «зорлаймыз» деп қысым жасау арқылы «мойындатқаны» туралы мәлімдемесі тараған еді. Владислав Челах ол тергеушілердің кім екенін нақты көрсете алатынын айтқан. Осы аптаның басында Челах пен тергеушілердің беттесуі шегеріліп, белгісіз уақытқа қалдырылған еді.

- Біз қысым жасады деп 2-3 адамды айтқанбыз, түстен кейін қалғандарымен де беттестіру өтуі тиіс, - дейді адвокат Берліқожанов.
XS
SM
MD
LG