Түркия президенті Абдулла Гүл денсаулығына байланысты Бішкекте өтіп жатқан түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің саммитінен кетіп қалды. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Абдулла Гүл тұмауратып қалған және құлағы ауырған.
Саммитке Абдулла Гүлден басқа Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев және Әзербайжан премьер-министрі Артур Раси-заде қатысты. Түркіменстан өкілдері саммитке бақылаушы ретінде қатысты.
Саммитке қатысушылар Түркия мен Қытайға дейінгі аралықты жалғайтын транспорт жолын салуға уағдаласқан. Жаңа жол Түркия, Грузия, Қазақстан аумағы арқылы өтеді деген болжам бар.