Accessibility links

Египет президенті журналисті қамаудан босаттырды


Журналист Ислам Афифи сот залында. Каир, Египет, 23 тамыз 2012 жыл.
Журналист Ислам Афифи сот залында. Каир, Египет, 23 тамыз 2012 жыл.
Египет президенті Мұхаммед Мурси "жаппай тәртіпсіздіктерді қоздырды және жалған өсек таратты" деген айыппен тұтқындалған журналист Ислам Афифиді бірнеше сағаттан соң босаттырды.

Президент Мұхаммед Мурси журналисті босату туралы жарлық шығарып, журналистерді кәсіби қызметіне байланысты айыптармен алдын-ала қамауға тыйым салды.

Мурси осылайша өзіне әскерилерден берілген, заңдық күші бар жарлықтар шығару құқығын алғаш рет пайдаланды.

Шағын тәуелсіз газеттің бас редакторы Ислам Афифи "президентке тіл тигізді" деп айыпталып отыр. Оның ісі елде жұрт назарын қатты аудартты. Себебі ол - өткен жылы ақпанда экс-президент Хосни Мүбәрәк биліктен кеткелі бері мақаласы үшін қудаланған алғашқы журналист.
XS
SM
MD
LG