Accessibility links

Тікұшақ апатынан қаза тапқандарға өтемақы төленеді


Ми-17 тікұшағы. (Көрнекі сурет).
Ми-17 тікұшағы. (Көрнекі сурет).
Қорғаныс министрлігі 22 тамызда Астана аэродромында тікұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыштардың отбасыларына 8-9 миллион теңге көлемінде өтемақы төлейді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Әскери қызмет және әскерилердің мәртебесі туралы" заңы бойынша, қызмет барысында қаза тапқан әскерилерге отбасы, я туыстарына соңғы 5 жылдағы табысына тең мөлшерде өтемақы төленеді. Министрлік қаза тапқан әскерилерді жерлеу шығынын да мойнына алып отыр.

22 тамызда Астана аэродромында қорғаныс мниистрлігіне қарасты Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырап, экипаждың төрт мүшесі бірдей қаза тапқан еді. Апат себептерін тексеретін арнайы комиссия құрылып, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG