Accessibility links

Таулы Бадахшаннан әскер шығарылады


Хорог қаласында жүрген әскерилер. Тәжікстан, Таулы Бадахшан, 23 тамыз 2012 жыл.
Хорог қаласында жүрген әскерилер. Тәжікстан, Таулы Бадахшан, 23 тамыз 2012 жыл.
Тәжікстанның қорғаныс министрлігі Таулы Бадахшан облысының орталығы - Хорог қаласынан әскерді шығаратын болды.

Жергілікті дала командирлерінің бірі Имомназар Имомназаровтың кісі қолынан қаза тапқанына екі күн бойы наразылық танытқандармен жасалған келісім бойынша, аймақтан әскер шығарылып, наразылық тоқтайды.

Аймаққа әскер бір ай бұрын қауіпсіздік қызметінің генералы Абдулло Назаров белгісіз топтың қолынан қаза тапқан соң арнайы операция жасалған кезде кіргізілген. Билік генералдың қазасына 1990 жылдары билікке қарсы азаматтық соғысына қатысқан оппозициялық командирлердің бірі - Имомназаровтың қарулы тобының қатысы бар деп отыр.

Командирдің өзін екі күн бұрын үйінде белгісіз адамдар өлтіріп кетті.
XS
SM
MD
LG