Accessibility links

Шығыс Қазақстанда өрттен екі адам қаза болды


Өртенген үйдің ішкі қабырғасы. Көрнекі сурет.
Өртенген үйдің ішкі қабырғасы. Көрнекі сурет.
Өткен түні Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында жеке меншік тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Луначарский көшесіндегі тұрғын үйдің бірі жанып жатқаны туралы суыт хабар сағат 23.20-да түскен. Өртке қарсы қызмет күштері аумағы 90 шаршы метрді шарпыған өртті төрт сағатқа жуық уақыттың ішінде толық өшірген.

Өртенген үйдің орнынан 1958 жылы туған ер адам мен жасы қырықтың шамасындағы әйелдің мәйіттері табылған.
XS
SM
MD
LG