Accessibility links

Сирия оппозициясы Хомсқа араша түсуге шақырды


Хомс қаласындағы көшелердің бірінде. Сирия, шілде, 2012 ж.
Хомс қаласындағы көшелердің бірінде. Сирия, шілде, 2012 ж.
Сирия оппозициясы бүгін БҰҰ мен Араб елдері лигасы ұйымын Хомс қаласында "зұлматқа" жол бермеуге шақырды.

Сирия ұлттық кеңесінің мүшесі Наджи Тайра 80 күннен бері үкімет күштері құрсауда ұстап отырған Хомс қаласының тұрғындары енді сырт жақпен мүлде байланыссыз қалғанын айтады. Былтыр наурызда президент Башар Асад режиміне ашық қарсы шыққан Хомс қаласында соңғы айларда үкімет әскері мен оппозиция күштері арасында бірнеше кескілескен шайқас болды.

Осы айдың басында БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан БҰҰ және араб елдері лигасының Сирия жөніндегі арнайы өкілі қызметінен кететінін мәлімдеген еді. Аннан биыл маусымда Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге арналған жоспары кедергіге ұшырап, іске аспай жатқанын айтып, ол үшін Башар Асадтың режимін кінәлаған болатын.
XS
SM
MD
LG