Accessibility links

Венесуэладағы жарылыс құрбандарының саны 19 адамға жетті


Венесуэланың астанасы Каракас. Көрнекі сурет.
Венесуэланың астанасы Каракас. Көрнекі сурет.
Бүгін таңертең Венесуэланың солтүстік-батысындағы Парагуана түбегінде орналасқан Амуай қаласындағы ірі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 19 адамға жетті, арасында 10 жасар бала бар деп хабарланды.

Жергілікті биліктің өкілі Стелла Лугоның айтуынша, жарылыстан 53 адам зардап шеккен. Венесуэла энергетика министрлігінің мәлімдемесінде мұнай зауытындағы төтенше жағдайға газдың шығуы себеп болғаны айтылған.

Жарылыс кезіндегі толқын салдарынан кәсіпорын маңындағы бірнеше ғимаратқа зақым келген.

Амуай мұнай өңдеу зауыты Венесуэланың ұлттық мұнай компаниясының құрамына кіреді.
XS
SM
MD
LG