Accessibility links

Нью-Делиде жемқорлыққа қарсы шерушілерді полиция ұстады


Жемқорлыққа қарсы құқық қорғаушыны ұстаған полициядан оны босатуды талап еткен белсенділер көлікті жібермей тұр. Нью-Дели, 16 тамыз 2011 ж.
Жемқорлыққа қарсы құқық қорғаушыны ұстаған полициядан оны босатуды талап еткен белсенділер көлікті жібермей тұр. Нью-Дели, 16 тамыз 2011 ж.
Жексенбі күні Үндістан астанасы Нью-Делиде полиция жемқорлыққа қарсы қозғалыстың бірнеше белсендісін ұстады. Олар көмір кеніштерін конкурссыз сатуға қатысты дау-жанжалға байланысты наразылық білдіріп жоғары лауазымды тұлғалардың үйіне шеру тартып бармақшы болған еді.

Премьер-министр Манмохана Сингх пен өзге де жоғары мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың үйлері орналасқан жерге баратын жолды бөгеген полиция өкілдері ол жаққа белсенділерді өткізбей қойды, бағынбаған шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен су шашатын құралдарды қолданды деп хабарлады Ассошейтед пресс агенттігі.

Сарапшылардың есептеуі бойынша, көмір кеніштерінің жекеменшік компанияларға арзан бағаға сатылуы салдарынан бюджет 34 миллард доллар көлемінде зиян шеккен.
XS
SM
MD
LG