Accessibility links

Ақтауда Козлов, Сапарғали, Әминовтің соты жалғасты


Серік Сапарғали мен Владимир Козлов сотта отыр. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Серік Сапарғали мен Владимир Козлов сотта отыр. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Ақтауда өтіп жатқан оппозиция өкілдері Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің соты жалғасты.

Сотқа қатысып жатқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгінгі отырысқа айыптаушы тараптың куәгерлері жауапқа шақырылған. Алғашқы болып шақырылған "Өзенмұнайгаз" компаниясының кәсіподақ төрағасы Максим Есенбаев жауап беріп жатыр.

Кешегі сотта Алматы мен Астанадан шақыртылған сарапшы мамандар қуғындағы саясаткер мұхтар Әблязовтің айыпталушыларға нақты тапсырмалар бергенін айтқан. Астана сот институтының маманы Роза Әкбарова "Әблязов «Алға!» партиясына тұрақты қаржылық қолдау жасап тұрды» дейді. Ол «алауыздықты өршітуде бұқаралық ақпарат құралдарының да үлесі бар» екенін айтады.
XS
SM
MD
LG