Бүгін Бішкектегі Беларусь елшілігінің алдында ондаған адам экс-президент Құрманбек Бакиев пен оның інісі Жаныш Бакиевтің дереу экстрадициялауды талап етіп пикет өткізді. Шерушілер елшіліктің терезесін сындырып, қоршауын бұзуға ұмтылған.
Өткен аптаның соңында Беларусь Жаныш Бакиевті қайтарудан бас тартқан соң Қырғызстан Минскідегі елшісін кеңесуге кері шақырып алған.
Жаныш Бакиевтің Минскіде жүрген сәті бейнеленген сурет өткен аптада интернетте пайда болған. Ол 2010 жылы көктемде елдегі халық толқуларында полицияның шерушілерге қарсы оқ атқанына, 2009 жылы президент әкімшілігінің жетекшісі Медет Садырқұловтың өліміне қатысы бар деп айыпталған.