Accessibility links

БТА банкі ісі бойынша сотталғандардың үкімі өзгермеді


БТА банк ісі бойынша сотталушылардың бірінің адвокаты Водопянова. Алматы қалалық сотының алды. Алматы, 6 тамыз 2012 жыл.
БТА банк ісі бойынша сотталушылардың бірінің адвокаты Водопянова. Алматы қалалық сотының алды. Алматы, 6 тамыз 2012 жыл.
Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы сейсенбіде БТА банкі ісі бойынша шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

БТА банкі ісі бойынша сотталғандардың адвокаттарынан Алматы қалалық сотына 30-ға тарта шағым түскен.

Судья Алмагүл Есдәулетова апелляциялық шағымды кері қайтарып, үкімді өзгеріссіз қалдырған.

Медеу аудандық соты 24 мамырда БТА банкі мен оған қарасты компанияларда қызмет істеген 21 адамды бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге үкім шығарған. Оларға "ұйымдасқан қылмыстық топ жұмысына қатысты" және "банк қорынан қаржы жымқырды" деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG