Accessibility links

Антиядролық жиында Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынды


СССР ядролық қаруды сынақтан өткізген алғашқы жарылыс. Семей полигоны, 29 тамыз 1949 жыл. (Сурет poligon.kz сайтынан алынды).
СССР ядролық қаруды сынақтан өткізген алғашқы жарылыс. Семей полигоны, 29 тамыз 1949 жыл. (Сурет poligon.kz сайтынан алынды).
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында бүгін, 29 тамызда "Ядролық сынаққа тыйым салудан ядролық қарусыз әлемге " атты халықаралық конференция басталды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. БҰҰ-ның бас ассамблеясы 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялаған.

Конференцияға 60 мемлекеттен келген қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне үлес қосқан саясаткерлер, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр. Жиында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Назарбаев өз сөзінде ядролық қарудан бас тартқан елдерді ынталандыру тетіктерін жасауды ұсынды.

Конференцияда АҚШ сенаторы Эни Фалеомаваега Маршалл аралдарының парламенті Нұрсұлтан Назарбаевты "ядролық қаруды жоюдағы қызметі үшін Альфред Нобель сыйлығына ұсынуға" шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Конференцияға дейін делегаттар Курчатов пен Семейдегі ұлттық ядролық орталыққа барды, Семей полигонының жабылуына арналған митингіге қатысты.
XS
SM
MD
LG