Accessibility links

Атырауда "Нұр Отан" активінің жиыны өтіп жатыр


"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының ғимараты алдында тұрған адамдар. Атырау, 31 тамыз 2012 жыл.
"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының ғимараты алдында тұрған адамдар. Атырау, 31 тамыз 2012 жыл.
Бүгін Атырауда бас прокуратура, экономикалық және коррупциялық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) өкілдерінің қатысуымен "Нұр Отан" партиясы активінің жиыны өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жиынға бас прокурор Асхат Дауылбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин және экономикалық және коррупциялық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков қатысып жатыр.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жиында "облыстағы коррупциялық қылмыстар" жайы талқыланып жатыр.

Азаттықтың Атыраудағы тілшісінің айтуына қарағанда, "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы ғимаратында өтіп жатқан жиынға тек ресми ақпарат құралдарының журналистері ғана кіргізілген.

21 тамызда қаржы полициясы бас прокуратураның тексеруінен соң Атырау облыстық әкімдігі шенеунігінің үстінен "ірі көлемде қаржы жымқырды" деген іс қозғалғанынан мәлім еткен еді.
XS
SM
MD
LG