Accessibility links

Тәулік бойы істейтін "24.kz" телеарнасы ашылады


Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай.
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай.
Қазақстанда 1 қыркүйекке қараған түннен бастап тәулік бойы ақпарат тарататын 24.kz ақпараттық телеарнасы жұмыс істей бастайды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Телеарнаның ашылуына орай өткен брифингте мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Орта Азия аймағында мұндай арнаның "бірінші рет ашылып тұрғанын және әлемдік стандарттарға сай болатынын" айтты.

Телеарна эфирге жарты сағат сайын (күніне 48 рет) жаңалықтар, 40 ақпараттық және тақырыптық бағдарлама шығарып тұрмақ. Арна Otau TV ұлттық спутниктік жүйесі және кабельдік желілер арқылы көрсетіледі.

Телеарна "Хабар агенттігі" акционерлік қоғамының құрамына кіреді.
XS
SM
MD
LG