Accessibility links

Адвокат: Pussy Riot кешірім сұрамайды


Pussy Riot тобының әншілері сотта отыр. Мәскеу, 17 тамыз 2012 жыл.
Pussy Riot тобының әншілері сотта отыр. Мәскеу, 17 тамыз 2012 жыл.
Pussy Riot тобының адвокаттары әншілерге жасалған кешірім сұрау туралы ұсынысты қабылдамады. Ол ұсыныс бойынша әншілер ресейлік телеарнаның бірі арқылы Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Ресей президенті Путинге қарсы жасаған акциялары үшін жария түрде кешірім сұрауы керек болған.

Кешірім сұрау туралы ұсынысты әншілерге «Человек и закон» телебағдарламасының дирекциясы айтқан еді. Олар тіпті бұл үшін эфир уақытын бөлетіндерін де хабарлаған. Бағдарлама басшылығы үш қызға кесілген түрме мерзімін қысқартуға ықпал етуге тырысатындарын мәлімдеген.

Адвокат Николай Полозовтың айтуынша, Pussy Riot тобының әншілері "мұндай мазақ ұсынысты қабылдай алмайды" және ол сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым түсірмек.

Тамыз айында Pussy Riot тобының үш әншісі «діни араздық негізінде бұзақылық жасады» деген айыппен екі жылға бас бостандықтарынан айырылған еді.
XS
SM
MD
LG