Қыркүйектің 5-і мен 9-ы аралығында Қазақстанға Ватикандағы кардиналдар алқасының деканы Анджело Содано келеді. «ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, оны Рим папасы өзінің орынбасары етіп тағайындаған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Қазақстанға сапары аясында (9 қыркүйек) кардинал Қарағанды қаласындағы киелі Мария католик соборына барады.
СІМ хабарламасында Анджело Соданоның Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, парламент сенаты төрағасымен, әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің хатшылық жетекшісі Қайрат Мәмимен кездесетіні де айтылған.
Бұл - Анджело Соданоның Қазақстанға екінші келуі. 2003 жылы мамыр айында Ватиканның мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған Содано Қарағанды қаласындағы католик шіркеуінің іргесін қалауға қатысқан еді.