Accessibility links

Жемқорлық туралы хабарлаған адам сыйақы алады


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
Қазақстан үкіметі 3 қыркүйек күні жемқорлыққа қатысты заң бұзылуы туралы фактіні хабарлаған адамдарды бір мәрте ақшалай марапаттау туралы ереже бекітті. Бұл туралы zakon.kz веб-сайты хабарлады.

Хабарламада ереженің "Жемқорлықпен күрес туралы заң" негізінде қабылданғандығы ескертіледі.

Ақшалай сыйақы төмендегідей мөлшерде тағайындалмақшы:

1) әкімшілік істері бойынша жемқорлыққа қатысты заң бұзу фактісіне 30 айлық есептік көрсеткіш (48 540 теңге);
2) жемқорлыққа қатысты жеңіл қылмыстық істерге қатысты - 40 АЕК (64 720 теңге);
3) жемқорлыққа қатысты орташа қылмыстық істерге қатысты - 50 АЕК (80 900 теңге);
4) жемқорлыққа қатысты ауыр қылмыстық істерге қатысты - 70 АЕК (113 260 теңге);
5) жемқорлыққа қатысты аса ауыр қылмыстық істерге қатысты - 100 АЕК (161 800 теңге).

Бұдан бөлек жемқорлық туралы фактіні хабарлаған адамға мақтау грамотасы беріліп, алғыс жариялануы мүмкін.

Сыйақы республикалық бюджет есебінен тағайындалады.

Ережеге сәйкес, жемқорлыққа қатысты хабарлауға тұрарлық факт болып саналатын жайттар: заң бұзу мен қылмыс туралы және іздеу салынған адамның мекені туралы мәлімет. Сыйақы барлық тиісті құүжаттар рәсімделген жағдайда 15 күннің ішінде төленеді деп белгіленген.
XS
SM
MD
LG