Accessibility links

Назарбаев ғылым-біліммен бірге төңкеріс туралы да айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустриалық форумда сөйлеп отыр. Астана, 3 шілде 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустриалық форумда сөйлеп отыр. Астана, 3 шілде 2012 жыл.
Астанадағы Nazarbayev University-де студенттерге арнап интерактивті дәріс оқыған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғылым мен білім беру саласындағы соңғы үрдістер жайлы айтты.

"Біз білім, ғылым және инновация билігі жүретін постиндустриалдық әлемге кетіп барамыз" деген Нұрсұлтан Назарбаев өнеркәсіп төңкерісі мен индустриалдық төңкерісті сөз етті.

Дәрісте Назарбаев Қазақстандағы "саяси тұрақтылық пен тыныштық" жайлы, соңғы жылдары болған төңкерістер туралы сөз қозғады.

"Бұл тұста тұрақтылық пен келісімді сақтайтын және ұлтаралық және дінаралық қатынастарды дамытатын институттарды құрудың маңызы зор. Әлеуметтік араздықты, діни және ұлтаралық алауыздықты қоздырушыларға қолданылатын жазаны күшейту қажет" деді президент Назарбаев.

Қазақстан президенті бұған қоса Солтүстік Африка елдерінде болған төңкерістерді де еске алып, қазақстандықтардың "саяси боссөзділік пен әлеуметтік араздыққа қарсы екенін" айтты.

"Әлемнің әр түкпірінде саяси, ұлтаралық және діни қайшылықтар болып жатқанын көріп жатырмыз. 21-ғасырда ешкім ондайларға ұрынбаймыз деп кепілдік бере алмайды. Және мұнда ешкім жеңіске жетпейді. Ондай қайшылықтар тек кедейлік, бүліншілік пен аштыққа және азамат соғысына апаратын, мемлекетті орта ғасырларға апаратын зұлымдықты тудырады. Қазір Солтүстік Африка елдерінде революциялардан соң не болып жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, Ливияда тайпалар бір-бірінен осыдан он жыл бұрын кеткен кектері үшін есеп айырысып жатыр. Басқа елдерде көшелерде тыныштық жоқ. Әйелдерді қорлап, адамдарды өлтіріп жатыр, ешқандай билік жоқ. "Төңкеріс қайыршылықты туғызады, ал қайыршылық қайтадан төңкеріске түрткі болады" деп бекер айтылмаған. Ал біз тыныштықтың арқасында қазіргідей мақтанатын халге жеттік" деді Назарбаев.
XS
SM
MD
LG