Nokia-ның акциялары компания жаңа Lumia 920 смартфонын шығарған соң 13 пайызға арзандап кетті. Windows Phone 8 платформасында жұмыс істейтін жаңа смартфон Samsung және Apple смартфондарына бәсекелес болып, Nokia-ның бұрынғы әлеуетін қайта қалпына келтіреді деп болжанған.
Қазір компания акциясының бір данасы 2,89 АҚШ долларынан 2,45 АҚШ долларына дейін арзандады.
Бұдан бес жыл бұрын, ұялы телефон нарығында басымдыққа ие болған кезде Nokia акциялары 31,66 АҚШ долларынан сатылған еді. Қазір ұялы телефон нарығының тек 10 пайызы ғана Nokia-ға тиесілі.
Lumia 920 смартфоны шығатыны туралы ақпарат Apple-дің 12 қыркүйекте жаңа iPhone-ді ұсынатыны туралы мәліметінен соң маңызды болмай қалды. Сәрсенбіде Google компаниясына тиесілі Motorola да өзінің соңғы үлгідегі смартфонын ұсынған.