Accessibility links

Билл Клинтон: Америкалықтар Обаманы қолдауы керек


Билл Клинтон Демократиялық партияның съезінде сөйлеп тұр. Солтүстік Каролина, 5 қыркүйек 2012 жыл.
Билл Клинтон Демократиялық партияның съезінде сөйлеп тұр. Солтүстік Каролина, 5 қыркүйек 2012 жыл.
АҚШ-та Демократиялық партияның Шарлотта қаласында (Солтүстік Каролина штаты) өткен съезінде экс-президент Билл Клинтон сөз сөйлеп, Барак Обаманың президент сайлауына түсуін толық қолдайтынын мәлімдеді.

Клинтон өз сөзінде Барак Обаманы "21-ғасырдағы америкалық арманды құра алатын идеалдар мен құндылықтар бойына жиналған адам" деп бағалап, қазіргі президенттің саясатын толық қолдайтынын айтты.

АҚШ-тың 42-президенті болған Клинтон қаржылық қиындықтарға ұшыраған милилондаған америкалықтарды сайлауда Обаманы қолдауға шақырды. Ол елдің экономикалық дағдарысқа душар болуына Республикалық партияның қаржылық саясаты кінәлі деп, "республикашылардың алауыздық тудыратын сөздерін" сынады.

Ал бүгін съезде Барак Обаманың өзі сөйлемек. Оның сайлаудағы қарсыласы - Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромни. Соңғы сауалнамалардың қорытындысына қарағанда, Обаманы қолдаушылардың саны қарсыласын қолдаушыларынан сәл ғана көп.
XS
SM
MD
LG