Бүгін Алматыда "Ашық алаң" атты жаңа қоғамдық-саяси газеттің алғашқы саны жарыққа шықты. Осыған орай Алматыда басылымды таныстыру жиыны өтті. Оған газеттің бас редакторы Алмат Азади, идеялық редакторы, "Рух пен тіл" ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай қатысты.
Ұйымдастырушылар таратқан ақпарат хатта басылымның "шындықты, ақиқатты, әділдікті, заңдылықты, ұлтжандылық пен мемлекетшілдікті ашық дәріптейтіні" айтылған.
"Ашық алаң" - биліктегі не оппозициядағы бір топты екінші бір топқа қарсы қою, біреуді жалаң айыптап, орынсыз сынау үшін құрылған ұйым емес" делінген хабарламада.
Газет алғашқы санын бір 12 қыркүйекте 50 жасқа толуы тиіс саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлына арнаған.