Accessibility links

Назарбаев Рим папасының орынбасарымен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рим папасының орынбасары, Киелі тақ кардиналдар алқасының деканы Анджело Соданомен кездесті деп хабарлайды президенттің ресми akorda.kz сайты.

Назарбаев Киелі тақтың әлемдік және дәстүрлі діндер съезін шақыру идеясын қолдағаны және оның жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді дейді президенттің баспасөз қызметі.

Анджело Содано Нұрсұлтан Назарбаевқа Рим папасы Бенедикт 16-ның сәлемін жеткізді. Ол Ватиканның Қазақстанның конфессияаралық келісімнің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайтынын да жеткізді.

Қазақстанда қазір 100-ден астам католик храмы мен шіркеуі бар.
XS
SM
MD
LG