Accessibility links

Мәскеуде Орталық Азия студенттері төбелесті


Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәскеуде Федералдық қауіпсіздік қызметі академиясында Орталық Азия елдерінен барған студенттер арасында төбелес болып, екі адамның ауруханаға түскенін бүгін растады.

Оқиға 4 қыркүйекте болған. Оған негізінен Қырғызстан мен Тәжікстаннан барған студенттер қатысқан. Студенттер төбелесте пышақ және бейсбол таяқшасын қолданған. Төбелестен соң бес адам ауруханаға жеткізіліп, оның екеуіне операция жасалды.

Ресейдегі Қырғызстан және Тәжікстан елшіліктері Мәскеу полициясына оқиғаны тергеуге көсмектесіп жатыр. Төбелестің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Федералдық қауіпсіздік қызметінің академиясында негізінен Орталық Азия мемлекеттері саяси элитасының балалары оқиды.
XS
SM
MD
LG