Accessibility links

АҚШ "Хаккани" тобын халықаралық террористік ұйым деп таныды


"Хаккани" террористік ұйымын құрған Жалаладдин Хаккани. (Көрнекі сурет).
"Хаккани" террористік ұйымын құрған Жалаладдин Хаккани. (Көрнекі сурет).
АҚШ үкіметі Пәкістанда орналасқан "Хаккани" тобын халықаралық террористік ұйымдар қатарына енгізді. New York басылымының жазуынша, АҚШ үкіметі бұл шешімін бүгін кештеу жария етпек.

Ақ үй "Хаккани" тобын Ауғанстандағы америкалық әскерилерге шабуыл жасады деп айыптайды. Вашингтон топқа "биыл маусымда Кабулдағы қонақүйді басып алды, өткен жылы қыркүйекте Кабулдағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасады" деп кінә артып отыр.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ауғанстандағы содырлармен басталған бейбіт келіссөздерге нұқсан келтіре ме деген қауіппен осы уақытқа дейін тұтас топты емес, "Хакканидің" тек кейбір мүшелерін ғана террористер қатарына кіргізген еді.
XS
SM
MD
LG