Accessibility links

Анголаны 33 жыл басқарған Сантуш президент болып тағы сайланды


Анголаның президенті Жозе Эдуардо душ Сантуш.
Анголаның президенті Жозе Эдуардо душ Сантуш.
Африка құрлығындағы мемлекеттердің бірі Анголада өткен президент сайлауында билікте отырған Анголаны азат ету халықтық қозғалысы жеңімпаз деп жарияланды.

Ресми қортынды бойынша, сайлауға қатысқан азаматтардың 71% астамы биліктегі саяси қозғалысты жақтап дауыс берген, ал негізгі оппозициялық партияға (УНИТА) сайлауға қатысқандардың 18% астамы қолдау танытқан.
Анголаның конституциясы бойынша, сайлауда жеңіске жеткен партияның жетекшісі ел президенті болып саналады. Сөйтіп, Анголаны 33 жыл бойы басқарып келе жатқан Жозе Эдуардо душ Сантуш кезекті төрт жыл мерзімге ел президенті болып қайта сайланды.
XS
SM
MD
LG