Accessibility links

Қытай әлемдік экономиканың жайына алаңдайды


Қытай басшысы Ху Цзиньтао (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Владивосток, 7 қыркүйек 2012 ж.
Қытай басшысы Ху Цзиньтао (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Владивосток, 7 қыркүйек 2012 ж.
Ресейдің Владивосток қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы саммиті кезінде Қытай мемлекетінің жетекшісі Ху Цзиньтао әлемдік экономиканың жағдайына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Ол саммитке қатысушыларды аймақтық экономикалық байланыстарды дамыта түсуге шақырды. Қытай басшысы өз елінің ұлттық экономикасын қайта теңгеру арқылы әлемдік экономиканы сауықтыруға үлес қосатынына уәде етті.

Ху Цзиньтао экономиканың даму қарқынының төмендеуі салдарынан Қытайда жаңадан жұмыс орындарын ашу негізгі проблемалардың біріне айналғанын атап өтті. Ол қытай үкіметінің инфрақұрылымды, ауыл шаруашылығын, энергетика мен темір жол көлігі саласын дамытуға 157 миллиард доллар бөлгенін хабарлап, сауда-саттықты ырықтандыруға болысуға уәде берді.
XS
SM
MD
LG