Accessibility links

Канаданың Иранмен кетіскеніне Израиль разы болды


"Бостандық медальі" үшін Израиль президенті Шимон Перестің АҚШ президенті Барак Обамаға алғыс айтқан сәті. Вашингтон, 04 наурыз 2012 жыл
"Бостандық медальі" үшін Израиль президенті Шимон Перестің АҚШ президенті Барак Обамаға алғыс айтқан сәті. Вашингтон, 04 наурыз 2012 жыл
Израиль президенті Шимон Перес Иранмен елшілік байланысын үзгені үшін Канада үкіметіне алғысын айтты. «Канада мораль мәселесін жоғары қоятынын тағы бір дәлелдеді» деді ол.

Өткен жұмада Канада Ирандағы елшілігін жауып, өзінен барша Иран елшілерін шығарғанын хабарлаған еді.

Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрдтің сөзінше «бүгінде Иран үкіметі - бейбітшілік пен әлемдік қауіпсіздікке ең көп қауіп төндіріп отырған үкімет».

«Канада өзінің ұлттық мүддесін Израиль жолына жығып берді» деген Иран билігі болса «Канада үкіметіне де лайықты жауап қайтарылатынын» ескертті.
XS
SM
MD
LG