Accessibility links

Обама АҚШ-тағы терактінің 11 жылдығына орай үндеу жасады


АҚШ президенті Барак Обама Шарлоттада өткен демократиялық партия съезінде сөйлеп тұр. Солтүстік Каролина, АҚШ 06 қыркүйек 2012 жыл
АҚШ президенті Барак Обама Шарлоттада өткен демократиялық партия съезінде сөйлеп тұр. Солтүстік Каролина, АҚШ 06 қыркүйек 2012 жыл
АҚШ президенті Барак Обама 2001 жылы 11 қыркүйекте болған аса ірі террорлық актінің 11 жылдығына орай Америка халқына радиоүндеу арнап, отандастарын 11 жылда өткен жолға ойлана қарауға шақырды.

Ол террорлық актіде қаза болған үш мыңға жуық адамның жақындары мен туыстарына рухани қолдау көрсетіп, осы 11 жыл ішінде Американың бұрынғыдан да күшейе түскенін, ал «әл-Қаида» терорлық ұйымының жеңілуге айналғанын мәлімдеді.

Іс басындағы АҚШ президенті Барак Обама алдағы президенттік сайлауға қатысу үшін таяуда ғана ресми түрде тіркелген еді.
XS
SM
MD
LG