Accessibility links

Ирактың бұрынғы вице-президенті өлім жазасына кесілді


Ирак вице-президенті Тарик әл-Хашеми.
Ирак вице-президенті Тарик әл-Хашеми.
Ирак елден қашып кеткен бұрынғы вице-президенті Тарик әл-Хашемиді "өлім эскадронын құрды" деп айыптап, сырттай өлім жазасына кесті.

Онымен бірге жеке хатшысы әрі күйеу баласы Ахмед Кахтан да өлім жазасына кесілді. Шииттер басқаратын Ирак үкіметі Хашемиді 2005-2011 жылдар аралығындағы терактілерді ұйымдастырды деп айыптаған. Хашемиге қарсы жиыны 150 айып тағылды.

Исламның сүнниттік бағытын ұстанатын Тарик әл-Хашеми өзіне қарсы қозғалған істі "Ирак үкіметінде басымдыққа ие шииттер қолдан жасады" деп санайды.

Тарик әл-Хашеми биылғы сәуір айында Ирактың Күрдістан автономиялы ауданына қашып кеткен еді. Күрдістан билігі оны Иракқа қайтарудан бас тартқан. Бұдан соң ол Катар, одан ары Сауд Арабиясына кетіп қалған. Кейбір деректер бойынша, қазір ол Түркияда жүр.
XS
SM
MD
LG