Бүгін Алматыда халықаралық журналистік ынтымақтастық күніне арналған конференция болды.
Конференцияны Қазақстан журналистер одағы, "Әділ сөз" қоғамдық қоры және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған.
Баспасөз жиынында "Әділ сөз" ұйымының төрағасы Тамара Қалеева биылғы жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен журналистер құқықтары жайлы есебін де жариялады. Онда биылдың өзінде ғана журналистер мен БАҚ редакцияларына 15 рет шабуыл жасалғаны және оның ешқайсысында қылмыскерлердің табылмағаны айтылады. Ұйым бұлардың арасында "Уральская неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандықты ең ауыр және қатыгез деп бағалайды.
14 журналиске қарсы қылмыстық іс қозғалса, сегіз рет қоқан-лоққы жасалған. Веб-сайттарға да 100-ден астам шектеу қойылып, бұғауланған.
"Әділ сөз" ұйымының дерегінше, негізінен коррупция мен бюрократияшылдықты әшкере қылған журналистер қуғынға ұшырап, үстілерінен іс қозғалып отыр.
Биыл сот журналист Қуанышбек Ботабековті бір жарым жылға бас бостандығынан шартты түрде айырған, Валерий Сурганов бостандығын бір жарым жылға шектеген.