Accessibility links

Ресей Грузияның НАТО-ға кіру ниетін сынады


Грузия президенті Михаил Саакашвили (сол жақта) және НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Тбилиси, 6 қыркүйек 2012 жыл.
Грузия президенті Михаил Саакашвили (сол жақта) және НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Тбилиси, 6 қыркүйек 2012 жыл.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Александр Лукашевич НАТО альянсы 2008 жылы Оңтүстік Кавказда болған оқиғалардан сабақ алмады деп мәлімдеді.

Лукашевич бұл мәлімдемесін НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің таяуда Тбилисиге сапарында айтқан сөзіне жауап ретінде жасады. Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездескен Андерс Фог Расмуссен ол сапарында НАТО-ның Грузияны мүше етіп қабылдауға дайын екенін айтқан.

Ресей Грузияның НАТО қатарына кіруі "Закавказье аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтынын" және "Грузия билігі бұдан соң аймақтағы саяси жағдайды мойындамай кететінін" айтады.

2008 жылы тамызда Ресей мен Грузия арасындағы қысқа мерзімді қарулы қақтығыс болып, Мәскеу Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз ел ретінде мойындаған.
XS
SM
MD
LG