Accessibility links

Пәкістанда су тасқынынан 78 адам қаза тапты


Су басқан көшеде кетіп бара жатқан пәкістандық балалар. Пешавар, 6 қыркүйек 2012 жыл.
Су басқан көшеде кетіп бара жатқан пәкістандық балалар. Пешавар, 6 қыркүйек 2012 жыл.
Пәкістанда соңғы үш күнде нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан ресми дерек бойынша 78 адам қаза тапты. Құтқарушылар таяу күндері жаңбыр толастамайтындықтан құрбандар саны бұдан да көбеюі мүмкін деп қауіптенеді.

Табиғи апаттан елдің солтүстік батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясы мен Пәкістан басқаруындағы Кашмир ауданы көп зардап шеккен. Пенжаб провинциясының бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды.
XS
SM
MD
LG