Accessibility links

АҚШ-тың Ливиядағы елшісі шабуылда қаза тапты


АҚШ-тың Ливиядағы елшісі Кристофер Стивенс.
АҚШ-тың Ливиядағы елшісі Кристофер Стивенс.
Сейсенбі күні Ливияда АҚШ елшілігіне жасалған шабуылдан Вашингтонның осы елдегі елшісі Кристофер Стивенс қаза тапты. Ливия үкіметінің хабарлауынша, онымен бірге елшіліктің үш қызметкері мерт болған.

Бір топ қарулы адам Бенгазидегі АҚШ елшілігінің ғимаратына әуелі шабуылдап басып кіріп, кейін өрт қойған еді. Шабуылдан соң шерушілер қауіпсіздік күштері қызметкерлерімен қақтығысты.

Бұдан бұрын АҚШ-тың Египеттегі елшілігінде де наразылық шарасы болған. Шерушілер АҚШ-та тұрып жатқан копт христиандар түсірген ислам туралы фильмге наразылық танытқан. Олар "Мұхаммед пайғамбар туралы фильм исламды қорлайды" деп біледі.
XS
SM
MD
LG