Алматы қаласында жұмыс істеп тұрған тіркелмеген екі мешіт анықталды деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Бір мешіт Ғазиза Жұбанова көшесінің бойында орналасса, екіншісі қаланың Алатау ауданында бұрынғы пионер лагерінің аумағында орналасқан. Полицияның дерегіне қарағанда, мешітті ашқандар мұсылмандар діни басқармасынан рұқсат алмаған және олардың арнайы діни білімі жоқ.
ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Серік Қазыбаевтың айтуынша, тіркемей мешіт ашумен айланысу - заңсыз. "Мұндай әрекет үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Сосын сот шешімімен ондай қызметпен айналысуды тоқтатады" дейді Қазыбаев.