Дүниежүзінде жасы беске толмаған балалар арасындағы өлім соңғы жиырма жылда 40 пайызға азайды. Бұл туралы ЮНИСЕФ қоры жариялаған жаңа есепте айтылады.
ЮНИСЕФ-тің дерегі бойынша, 1990 жылы әлемде бес жасқа дейінгі 12 миллион бала қайтыс болса, өткен жылы 6,9 миллион бала қайтыс болған.
Ұйым сарапшыларының пікірінше, бала өлімінің азаю себептерінің бірі - кедей елдердің біртіндеп байып келе жатқанында. Бала өлімі азаюына мамандар баланы тек ана сүтімен тамақтандырудың насихатталғаны және жұқпалы аурулардың таралуымен күрес жүргізілгені де әсер етті деп санайды. Мысалы, қызылша ауруымен күрес жүргізу нәтижесінде 2000-2011 жылдар аралығында бала өлімі бес есеге дейін азайған.
2011 жылы қайтыс болған балалардың көпшілігі Оңтүстік Азия мемлекеттері мен Африканың бірнеше еліне тиесілі.