Accessibility links

Йеменде наразылар АҚШ елшілігіне басып кірмек болды


АҚШ елшілігі алдында тұрған наразылық танытушылар. Сана, Йемен, 13 қыркүйек 2012 жыл.
АҚШ елшілігі алдында тұрған наразылық танытушылар. Сана, Йемен, 13 қыркүйек 2012 жыл.
Бүгін Йеменнің астанасы Сана қаласында шерушілер АҚШ елшілігін басып алмақ болды.

Кейбір деректер бойынша, наразылық танытушылар дипломатиялық миссия орналасқан аулаға енгенімен, ғимаратқа кіре алмаған. Олар тек күзетіліп тұрған елшілік маңдайшасындағы жазуы бар тақтайшаны жұлып алған, АҚШ туын шығарып алып, өртеп жіберген.

Жиналғандар АҚШ-та түсірілген, "исламды қорлайды" делінген фильмге қарсылық танытып жатыр.

Египет астанасы Каирде де ол фильмге қарсы наразылықтар жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG