Accessibility links

Клинтон исламға қарсы фильмді айыптады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон әлемдегі мұсылмандардың ашу-ызасын туғызған исламға қарсы фильмді қатаң айыптады. Ол фильмді "жиіркенішті және ұят нәрсе" деп бағалап, "оның мақсаты - исламды масқаралау және мұсылмандардың ашу-ызасын туғызу" деді.

Таяуда интернетте пайда болған "Мұсылмандардың күнәсіздігі" ("Innocence of Muslims") атты АҚШ-та түсірілген фильмге қарсы мұсылман елдерінде үлкен наразылықтар болып жатыр. Әуелі Ливияда АҚШ елшілігіне шабуыл жасалып, кейін оны өртеп жіберу кезінде АҚШ-тың осы елдегі елшісі мен үш дипломаты қаза тапты. Ал Египеттегі наразылықтар үшінші күнге созылды. Йемен және Иранда да мұсылмандар наразылық танытып жатыр.

Фильм YouTube-те маусымда пайда болған. Бірақ оған қатысты дау фильм араб тіліне аударылған кезде басталды. Батыс басылымдарының дерегінше, фильмнің авторы - Сэм Басиль деген бүркеншік атпен жасырынып жүрген, Египеттен шыққан, қазір АҚШ-та тұратын христиан копт Накул Бассиль Накул. The Guardian басылымы оған қатаң күзет тағайындалғанын жазады.
XS
SM
MD
LG