Accessibility links

Қытай Жапониямен даулы аралдарға қарауыл кемелерін кіргізді


Сенкаку аралдарында қарауылда жүрген Жапония кемесі. 2 қыркүйек 2012 жыл.
Сенкаку аралдарында қарауылда жүрген Жапония кемесі. 2 қыркүйек 2012 жыл.
Қытайдың теңіздегі 6 патруль кемесі бүгін Жапония аумағындағы даулы аралдарға кірді.

Жапонияның жағалау күзетінің хабарлауынша, ел аумағын тастап шығу бұйрығын тек екі кеме ғана орындаған. Бірақ бұйрықты орындамағандарға қарсы әзірге күш қолданылған жоқ. Жапония премьер-министрі Йосихико Нода кемелерге үнемі бақылау жасалып тұрғанын мәлімдеді.

Ал Қытай қорғаныс министрлігі үкімет пен қарулы күштер елдің территориялық егемендігін сақтайтынын мәлімдеді. Пекин бұған қоса Токиоға шиеленіс екі ел арасындағы сауда-саттыққа қа кері әсер ететінін ескертті.

Қазір Жапонияның бақылауындағы Сенкаку аралдарына Қытай таласып жүр. Мамандар аралдардың аумағында табиғи газ бен мұнайдың үлкен қоры бар деп санайды.

Даулы аралдарға қатысты жанжал сейсенбіде Жапония үкіметі аралдарды Қытайдың ескертпесіне қарамастан жеке адамнан сатып алғанын мәлімдеген соң күшейіп кетті.
XS
SM
MD
LG