Accessibility links

Атырауда күдікті сөмке пойызды жолдан қалдырған


Жасанды жарылғыш заттан қаза тапқан Нұрлыбек Сақауовтың жаназасы. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
Жасанды жарылғыш заттан қаза тапқан Нұрлыбек Сақауовтың жаназасы. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
"Прикаспийская коммуна" газетінің жазуынша кеше, сенбіде Атырау қалалық теміржол вокзалының перронында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірнеше «күдікті адамды» тоқтатқан, ал Атырау-Ақтөбе пойызы жолға шығарылмай, шетке әкетілген.

Желілік ішкі істер бөлімінің хабарлауына қарағанда, "жолаушылар пойызының вокзалдан әкетілуіне перронда тұрған әлдебір иесіз, күдікті сөмке себеп болған. Сөмкенің қауіпсіз екені белгілі болған соң ғана жолға шыққан пойыз күнделікті жүріс кестесінен қалып қойған".

Соңғы аптада Атырау облысында "террорлық әрекетке қатысы бар" оқиғалар көбейіп, бірнеше адам қаза болған еді.

Атырау облыстық ішкі істер департаменті кешеден бастап "Тосқауыл" жоспарын жүзеге асыра бастағаны хабарланған. Азаттық радиосына түскен деректерге қарағанда, Атырау төңірегіндегі құқық қорғау органдары қауіпсіздік шараларын бүгін, жексенбіде де күшейтіп жатыр.

Алайда Атырау облыстық ішкі істер департаменті Азаттық тілшісіне "Тосқауыл" туралы ештеңе білмейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG