Accessibility links

Велоспортшы Мақсат Аязбаев «Болгария турын» жеңді


Александр Винокуров шетелдік телеарналарға сұхбат беріп тұр. Тулуза қаласы, Франция, 20 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Александр Винокуров шетелдік телеарналарға сұхбат беріп тұр. Тулуза қаласы, Франция, 20 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
«Астана» командасының спортшысы Мақсат Аязбаев «Болгария турындағы» басты бәсекеде бірінші орынды жеңіп алды деп хабарлайды astanafans.com. сайтына сілтеме жасаған ақпарат құралдары.

Оның серіктері Владислав Горбунов, Арман Камышев және Никита Өмірбеков 10, 12 және 35-ші орындарды иеленген. Өмірбеков бұған дейін өрлеу жолдағы жарыста жеңімпаз болған еді.

Лондон Олимпиадасынан кейін спорттық мансабын аяқтаған Александр Винокуров сұқбаттарының бірінде «Астана» командасындағы аталған жастардан үміт күтуге болатындығын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG