Accessibility links

Исламға қарсы фильмге наразылық жалғасып жатыр


"Хезболла" басшысы Саид Хассан Насрулла исламды қаралаған фильмге наразылық шеруінде сөйлеп тұр. Бейрут, Ливан, 17 қыркүйек 2012 жыл.
"Хезболла" басшысы Саид Хассан Насрулла исламды қаралаған фильмге наразылық шеруінде сөйлеп тұр. Бейрут, Ливан, 17 қыркүйек 2012 жыл.
Ливанның астанасы Бейрутте мыңдаған шииттер исламға қарсы "Мұсылмандардың пәктігі" фильміне наразылық танытты. Көпшілік алдына сирек шығатын "Хезболла" басшысы Саид Хассан Насрулла наразылық кезінде наразылықтар фильм интернеттен толық өшірілмейінше жалғаса беретінін айтты. Ол "әлдебір адамның түсірген фильмі бұдан ары таралса, АҚШ-қа бүкіл әлемде зор қауіп төнеді" деген ескерту жасады.

Ливандағы наразылық шаралары дүйсенбіде басқа да мұсылман елдерінде болған қарсылық шерулеріне қарағанда бейбіт түрде өтті. Дүйсенбіде Пәкістанда болған шерулерде полициямен қақтығыста екі адам қаза тапты. Кабулда демонстранттар АҚШ-тың туын өртеп, америкалық әскери базаға тас лақтырды.

Индонезия астанасы Джакартада жүздеген адам полициямен қақтығысып, жанғыш сұйықтығы бар бөтелкелер лақтырды.

Әзербайжанда АҚШ елшілігі алдында өткен акцияда 20 адам тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG