Минскіде сейсенбіде полиция бірнеше жергілікті және халықаралық ақпарат құралдарының журналисін ұстап әкетті. Олардың арасында Reuters, Associated Press агенттіктері мен немістің ZDF телеарнасы, оппозициялық "Белсат" арнасы және жергілікті "БелаПАН" агенттігінің журналистері бар.
Журналистерді 23 қыркүйектегі парламент сайлауларына байкот жариялауға шақырған наразылық акциясы кезінде ұстаған. Акцияны оппозициялық "Говори правду" қозғалысы ұйымдастырған. Кейінірек барлық журналисті босатып жіберді. Кейбірі полицияның өздеріне "күш көрсеткенін" айтады.
Беларусь орталық сайлау комиссиясы 18 қыркүйекте мерзімінен бұрын дауыс беру басталғанын хабарлаған. Бірақ кімдердің мерзімінен бұрын дауыс беретіні белгісіз.