Грузия президенті Михаил Саакашвили елдегі оппозициялық ақпарат құралдары жариялаған, тұтқындарды азаптайтын сәт бейнеленген видеодан соң арнайы мәлімдеме жасады. Ол Тбилисидің Глданск түрмесіндегі оқиғаны "адам құқықтары мен ар-намысына қарсы жасалған әрекет" деп атап, тұтқындарды азаптауға қатысы барлардың бәрін жазалауға уәде берді.
"Маэстро" және "ТВ-9" телеарналары сейсенбі күні жасырын камера арқылы түсірілген, түрме қызметкерлерінің сотталғандарды азаптап жатқаны жайлы видеоны көрсеткен. Оны Бельгияға қашып кеткен осы түрменің бұрынғы қызметкері Владимир Бедукадзе берген. Бедукадзе тұтқындардың Грузия ішкі істер министрі Бачо Ахалайдың тікелей тапсырмасымен азапталғанын айтады.