Accessibility links

Израиль шұғыл кең көлемді әскери жаттығу бастады


Әскери жаттығудан көрініс (Көрнекі сурет).
Әскери жаттығудан көрініс (Көрнекі сурет).
Сәрсенбіде Израиль бас штабының басшысы Бени Ганц Голан жоталарында шұғыл түрде әскери жаттығу өткізуге тапсырма берді. Жаттығудың мақсаты - "әскери бөлімдер мен резервтегі күштердің төтеннен басталатын әскери операцияларға дайындығын тексеру".

Әскери жаттығуға резервтегі әскерилер жұмылдырылып, елдің орталық аудандарындағы әскери бөлімдер Израильдің солтүстігіне тікұшақтармен әкелінді. Жаттығуға бұған қоса артиллерия мен Голан жоталарындағы армия бөлімдері, әуе қорғанысы күштері де тартылған.

Израиль қорғаныс министрлігі жаттығуға қатысып жатқан әскерилердің жалпы саны туралы ақпарат бермегенімен, оның деңгейі жоғары екенін айтады. Жаттығу барысы мен оның деңгейі шынайы соғыс жағдайына өте-мөте ұқсайды.

Жаттығуға Израиль армиясы артиллериясының басшысы, бригада генералы Рои Рифтин басшылық жасайды.

Израиль полковнигі Эяль Руссоның жергілікті агенттікке айтуына қарағанда, армия соңғы уақыттары "аймақта қалыптасқан жағдайларға байланысты Сирия және Ливия шекарасында болып қалуы ықтимал қақтығысқа дайындалуға мәжбүр болып отыр".

Әскери жаттығу болатыны туралы алдын-ала хабарланған жоқ.
XS
SM
MD
LG