Accessibility links

Француз басылымы Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын басты


Charlie Hebdo басылымының редакторы Шарб журналистермен кездесіп тұр. Париж, 19 қыркүйек 2012 жыл
Charlie Hebdo басылымының редакторы Шарб журналистермен кездесіп тұр. Париж, 19 қыркүйек 2012 жыл
Францияның сатиралық Charlie Ebdo («Шарли Эбдо») апталығы бүгінгі санында Мұхаммед пайғамбардың бірнеше карикатурасын басты. Карикатурашы, Шарб деген бүркеншік атпан қызмет істейтін басылым редакторы карикатураны "есінен танғысы келетіндерді шошытады" деп мәлімдеді.

Францияның сыртқы істер министрлігі карикатураға мұсылмандардың наразылық танытуы мүмкін деп шетелдердегі дипломатиялық миссияларының қауіпсіздігін күшейтуге тапсырма берді.

Карикатура АҚШ-та түсірілген исламға қарсы "Мұсылмандардың күнәсіздігі" атты фильмге әлем мұсылмандары наразылық танытып жатқан тұста жарық көріп отыр. Бірнеше елдерде мұсылмандар аталған фильмге қарсылық танытып, оның салдарынан түрлі елде жиыны 19 адам қаза тапты. Олардың арасында АҚШ-тың Ливиядағы елшісі мен үш дипломаты бар.
XS
SM
MD
LG